Хабарландыру !!!
«Балдаурен» РОСО-ға жіберілетін керекті құжаттар
1. Туу туралы куәлік ( + көшірмесі), ЖСН (+ көшірмесі);
«Балдаурен» медициналық картасы ( 1-2 беттерін медициналық тексеріген жергілікті жердің емхана қызметкерлері толтырады).Медициналық анықтама қағаздарын алғанда дәрігердің қол қойғанын және мөрдің басылғанына назар аударыңыз. Дерматологиялық тексерілу (педикулез,қышыма).
Дерматологиялық тексеру анықтамасын алғанда тек ДЕРМАТОЛОГ дәрігердің қолы мен мөрі болуы керек (мөрде «дерматолог» штампысы міндетті түрде)
2. Балалар мен жасөспірімдердің «Балдаурен» РОСО –на келуіне 5 күн қалғанда дифтериялық терсеруден өтіп, нәтижесі болуы керек.
3. Тұрғылықты жерден форма 063,балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сай салынған екпе көшірмесі.
4. Талдама анықтамалары түп нұсқада, мөрленген және медициналық карта ережесіне сай толтырылуы міндетті.
Түп нұсқадағы анықтамалар
Ø SARS-COV-2(COVID-19) вирустық зерттеу нәтижесі ПЦР әдісі арқылы.
Ø Ішек құрттарын зерттеу нәтижесі (3 мәрте)-3 анықтама.
Ø Ішек ауруларының зерттеу нәтижесінің анықтамасы.
Ø Дифтериялық зерттеу нәтижесінің анықтамасы.
Ø Зәр талдамасы.
Ø Жалпы қан талдамасы.
Ø Дерматолог дәрігердің анықтамасы.
Ø Мектептің эпидемиолдогиялық анықтамасы.
Ø Емхананың эпидемиолдогиялық анықтамасы.
Ø Тіс дәрігерің анықтамасы.
Ø Екпе анықтамасы 063 формасы.
Ø ПМПК немесе ДКК анықтамасы (ерекше оқытуды қажет ететін балалар үшін)
Ø Баланы жеткізетін тұлғаның атына жазылған нотариалды куәландырылған сенімхат (Сенімхатта жеткізуші тұлғаның куәлік көшірмесі тіркелген)
Ø Бала диспансерлік тіркеуде болған жағдайда, емхананың немесе күндізгі стационар бөлімінің көшірмесі.
Ø Балалар флюогографиясы (15 және ересек балалар үшін).
Ø 3-5 жыл арналығындағы ауру белгілерінің төмендеуі немесе тіркеуден шығару туралы анықтама.
МАҢЫЗДЫ!!! Медициналық картада баланың бар диагнозын көрсету керек.