Назар аударыңыз!!!
Балқаш қалаы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына балалар мен жасөспірімдерді медициналық іріктеу және жіберу талаптары
1. «Балдауренге» оқушылар, оқу уақытындағы жас мөлшері 11-15 жас (ал жаз мезгілінде 10 жастан) жіберіледі.
2. Барлық балалар мен жасөспірімдер «Балдауренге» келгенде міндетті түрде медицина тексерісінен өтеді; денсаулығына қарай орталыққа келуге болмайтын және толық толтырылған медицина картасы және жолдамасы жоқ балалар жіберуші мекеме немесе ата-анасы есебінен кері қайтарылады. Аталған мәлімет жолдама толтырған мекеме және аумақтық мекемеге жіберілуі қажет.
3. Алаңдағы балалардың құжаттарын қабылдау кезінде жолсеріктер келесі мәліметтерді көрсететін балалардың саны жазылған тізім береді:
- Аты-жөні, туған күні (күні, айы, жылы)
- ЖСН
- Тұрғылықты мекенжайы
- Мектептің нөмірі немесе атауы, сынып (қай әрпі)
- Мектептің мекенжайы (қала/ауыл, көше, үй нөмірі)
- Ата-анасы немесе қамқоршысы, олардың байланыс телефондары.
- Алаңға аттанар алдында 5 тәулік бұрын дифтерияға тексерілуі қажет.
4. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 Бұйрығына сәйкес балалардың келесі құжаттары болуы қажет:
- Медициналық карта немесе 071/у нысаны — «Демалыс лагеріне аттанушы оқушының медицина анықтамасы»;
- 065/у нысаны — «Егулер картасы» (қызылшаға қарсы екпе болуы қажет);
- 027/у нысаны — «Диспансерлік есепте тұрғандығын көрсететін анықтама»;
- Эпидемиологиялық анықтама — инфекциялық аурулармен қатынаста болмағандығын көрсететін;
- Дерматологтан анықтама — тері және теріқосалқыларының жұқпалы ауруларынан таза болуы;
- Тіс дәрігерінен анықтама — ауыз қуысын емдеуден өткізгені жайлы;
- 098/у нысаны — зертханалық тексерулер (қанның жалпы анализі, зәр анализі, нәжісті құртқа (гельминт) 3 рет тексеру);
- 15 жастан кейінгі балалар үшін — флюорографиялық тексеру;
- ВКК немесе ПМПК анықтамасы (ерекше білімді қажет ететін балалар үшін)
- Ата-анасы немесе қамқоршысы толтырып береді — «баланың сауалнамасы»
- Ата-анасы медициналық араласуға жазбаша келісім береді.
- Ата-анасы РУОЦ «Балдаурен» өткізетін шаралардағы қатысуға жазбаша келісім береді.
- Туу туралы куәліктің және ЖСН көшірмесі;
- Педикулезге шалдыққан балалар алдын ала санитарлық өңдеуден өтуі қажет;
- Өзімен бірге дәптер, қалам алуы қажет;
- Бассейнге түсуге — суға түсетін киім және қалпақ;
- Мектеп формасы болуы қажет.
Барлық құжаттар емдеу мекемесінің мөрімен және дәрігердің жеке мөрімен куәландырылуға тиіс. Зертханадағы анализдерді тапсырғанда олардың түпнұсқасы, мөрі және анализ нөмірі болуы қажет.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32988 тіркелген) бұйрығына сәйкес «Балдаурен» (Балқаш қаласы) орталығына келесі көрсеткіштері бар балалар қабылданады:
- Ерекше білімді қажет ететін балалар (мүгедектігі бар балалар, мигрант балалар, аз қамтылған және жайсыз отбасы балалар) — растаушы анықтамасы болуы қажет;
- Ата-анасы жоқ және қамқорлыққа алынбаған балалар;
- Тірек-қимыл жүйесінің аурулары (сколиоз, кифоз, остеохондроз, деформациялар, Марфан синдромы, жалпақтабан, жарақаттар — туа біткен шығуындағы немесе кейін пайда болған аяқ-қолдың қысқаруы);
- Эндокриндік жүйе аурулары (семіздік, бойдың өспеуі — карликтер);
- Нерв жүйесінің аурулары (ДЦП, зейін тапшылығы және гиперактивтік синдром, миалгия, жасөспірімдердің остеохондроздары, тиктер);
- Тілі дұрыс дамымаған балалар (1-3 деңгейлі сөйлеу тілінің жетіспеушілігі, фонетико-фонематикалық жетіспеушілігі, ринолалия, дизартрия, қатты тұтығу, жазба тілінде кездесетін бұзылыстар — дислексия, дисграфия);
- Көру қабілетінде ауытқуы бар балалар (соқырлар — мүлде көрмейтін, жарық сезгіштік деңгейінде ғана көреді немесе түзеткіш көзәйнік таққандағы өткірлігі 0,04-ке жетпейді; нашар көретін балалар — түзеткіш әдістер арқылы өткірлігі 0,05-0,4 аралығында);
- Есту қабілетінде ауытқуы бар балалар (саңырау және құлаққа түзеткіш аппарат таққандағы деңгейі 40-80 децибелге жететін балалар), сонымен қатар тілдің жалпы жетіспеушілігі кездесетін балалар;
- Психикалық дамуында кідірісі бар балалар (ЗПР);
- Зияткерлігінің жетіспеушілігі кездесетін балалар (ақыл-есі кем балалар);
- Эмоционалдық-еркіндік жағындағы ауытқулар (қарым-қатынаста және қоғамдағы тәртіптің бұзылуы, аутизм, мінез-құлықтағы ауытқулар);
- Генетикалық аурулар (Даун синдромы, бұлшықет дистрофиялары).
Қарсылық көрсеткіштер:
«Балдаурен» (Балқаш қаласы) орталығына келесі диагноздағы балалар қабылданбайды:
- Аса асқынған немесе жітік аурулар, іріңді процесстер, өкпеден тыс асқынулар және стационарлық емдеуге мұқтаж жайлар;
- Туберкулездің барлық түрлері;
- Ревматизм (белсенді және ұстамалар арасындағы уақыт), диспансерлік есептен шыққанға дейін;
- Жүректің және қан тамырларының туа біткен және жүре пайда болған ақаулары, сонымен қатар операция жасалса да;
- Гипертония ауруы;
- Эпилепсия (ұстамасы бар, ошақты, жайылма), ақыл-есінің артта қалуымен және мінез-құлқының өрескел бұзылуымен, ұстама әр түрлі болуы;
- Жедел психикалық аурулар және реактивтік жайлар;
- Бронхоэктазиялық ауру, бронх демікпесі;
- Асқазан және 12 елі ішектің жара аурулары;
- Жедел нефрит, пиелонефрит (ағымы басылғаннан кейін 5 жылдан кейін ғана), созылмалы нефрит, бүйректі зақымдайтын туа біткен ақаулар;
- Эндокринді жүйе аурулары (қант диабеті, тиреотоксикоз және т.б.);
- Жұқпалы және тері паразиттік аурулар (қотыр, саңырауқұлақ, эхинококк және т.б.);
- Анемия (ауыр деңгейі — гемоглобині 70 г/л төмен);
- Жұқпалы аурулар (ауру аяқталғанға дейін);
- Жыныстық жол арқылы берілетін аурулар;
- Қатерлі ісіктер;
- Өз бетімен қозғалуға және күтімге қабілетсіз балалар;
- Естен танып қалу (синкопалар);
- Арықтық деңгейі өте жоғары болуы (дистрофия 3 деңгейі);
- Фенилкетонурия (ФҚУ — генетикалық ауру);
- Әр түрлі іріңді (өкпе) аурулар, ауыр уланумен кездесетін жағдайлар;
Жұқпалы аурулардан кейін жазылып келетін балаларды жібергенде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрықтары басшылыққа алынады.
Міндетті түрде ВКК немесе ПМПК анықтамасы болуы қажет.