Тәрбие кешенінің меңгерушісі міндетін атқарушы – Жұмағұл Қуаныш Жаңғабылқызы
"Жастар" педагогикалық тобы

Тәрбие кешені (ТК) Балқаш қ. «Балдәурен» РОСО РМҚК филиалының құрылымдық бөлімшесі.
Құрамында: «Жастар» педагогикалық тобы, қосымша білім беру мұғалімдері, тәрбиешілердің көмекшілері және арт-бөлімі.
Біздің Орталық білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалармен (көру, есту, сөйлеу, ақыл-ой кемістігі, интеллектуалдық дамуында ақаулары бар балалар) инклюзивті бағытта жұмыс істейді. Ұйымдастырушы-ұстаздар әртүрлі балалар контингентімен жұмыс істейді. Олардың ешқайсысы назардан тыс қалмайды.
«Жастар» педагогикалық тобы — жан-жағындағы балалардай жарқыраған көздері бар жалынды, көңілді, қамқор ұйымдастырушы-ұстаздар!
Ұйымдастырушы-ұстаз — балаларды шығармашылық, ойын және білім арқылы үлкен ересектер әлеміне жетелейтін тұлға. Ұйымдастырушы-ұстаздың жұмысының жалпы ережелері мен принциптері бар.
Ұйымдастырушы-ұстаз:
-
балаларға арналған 100-ден астам ойындар мен іс-шараларды біледі;
-
инклюзия бойынша біліктілікті арттыру курстарына қатысады;
-
авторлық педагогикалық бағдарламаларды әзірлейді, енгізеді, сынақтан өткізеді;
-
республикалық және халықаралық конкурстарға, семинарларға, конференцияларға қатысады;
-
орталықтың тұрақты жұмыс істейтін семинарына белсенді қатысады;
-
жасөспірімдер психологиясының қыр-сырын түсінеді;
-
орталықтағы жұмыс баланың өмірі мен денсаулығы үшін тәулік бойғы жауапкершілік екенін түсінеді.
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалында жұмыс істей отырып, ұйымдастырушы-ұстаздар өздерінің ең батыл шығармашылық идеяларын өмірге әкеліп, өз дарындылықтарын аша алады: мұғалім, актер, режиссер, биші, музыкант, әнші, спортшы, дипломат және т.б.


