Журнал 2023-2024 Оқу жылы
Біздің оқу-сауықтыру орталығының аясындағы оқу үдерісі білім беру, даму және тәрбие, денсаулықты жақсарту арасындағы ажырамас байланыс болып табылады және бір кезеңде жүріп отырады.
Балалар алғашқы келген күннен бастап біздің орталықтағы медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдау тобында болып ,оқыту, емделу, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімделумен қамтамасыз етіледі.
Жалпы білім беру үдерісін жүзеге асыруда оқу кешені инклюзивті білім беруді ескере отырып, білім берудің ортаңғы буыны 5-9 сыныптарды қамтиды.
Оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен негізгі орта білімнің үлгілік оқу жоспарлары және БАҰО негізінде құрастырылған және негізгі орта білімнің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес келетін оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.Мектеп 6 күндік оқу аптасы режимінде жұмыс істейді, сабақтар екі ауысымда өтеді.Сынып жинағы – 13. Әр сыныпқа сынып жетекшісі бекітілген. Орташа сынып саны 15-16 оқушы. Қазақ тілінде оқытатын сынып – 8, орыс тілінде оқытатын сынып – 5
Оқу-сауықтыру орталығы жағдайында мектептерде қалыптасқан сыныптық-сабақ жүйесі бірқатар ерекшеліктерге ие:
- сыныптар мектеп оқушыларының уақытша бірлестігі болып табылады;
- қысқа мерзімді оқу процесі (3 апта);
- оқушылардың білім деңгейі әртүрлі (қарапайым жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын лицейлердің балалары және т.б.);
- оқытуда үй тапсырмасы болмайды.
Кадрлар туралы жалпы мәліметтер
Барлық педагогтер саны Олардың ішінде: |
26 |
Психолог |
1 |
Дефектолог |
1 |
Кітапханашы |
1 |
Педагого-зерттеуші |
4 |
Педагог- сарапшы |
5 |
Педагог-модератор |
6 |
Мектепте интерактивті тақта, компьютерлермен жабдықталған 12 оқу кабинеті бар
Кабинеттерде АКТ құралдары мен интернет бар, қосымша ақпарат көзі ретінде сабақта желілік ресурстарды пайдалануға болады. Бұл сабақтың тәрбиелік мақсаттары мен міндеттерін кеңейтіп, пәнді жан-жақты өткізуге және тақырыптың шеңберінен шығуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге отансүйгіштік, мейірімділік, адалдық пен әділдік сияқты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстар да жүргізіледі.
Сыныптан тыс жұмыс түрлері: сынып сағаттары, интеллектуалдық ойындар, әдеби-сазды қойылымдар, атаулы күндерге, көрнекті тұлғаларға, қазақ халқының және Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған кештер, т.б. Сыныптан тыс жұмыстардың мүмкіндіктері кең. Олардың мақсаттары сан алуан: олар қосымша ақпарат береді, оқушының ой-өрісін кеңейтеді, неғұрлым жарқын тарихи фактілер мен тұлғаларды тануға мүмкіндік береді, өзін-өзі тәрбиелеу мен білімдерін толықтыруды дамытады және ынталандырады.