МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАЛАПТАР
-
Зертханалық зерттеулердің деректері:
-
Қанның жалпы талдауы;
-
Жалпы зәр анализі;
-
Гельминт жұмыртқаларына нәжісті талдау (3 рет);
-
Ішек тобына нәжісті талдау;
-
Жұтқыншақ пен мұрыннан дифтерияны анықтау;
-
15 жастан бастап — флюорография.
-
-
Жұқпалы ауруларға қатысты анықтамалар (соңғы 21 күн ішінде):
-
Соңғы 14 күн ішінде COVID-19 бойынша байланыс болмауы;
-
COVID-19 зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі, орталыққа келмес бұрын 72 сағат ішінде тапсырылған болуы.
-
-
Балалар мен жасөспірімдер жасы бойынша және тұратын аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып егу қажет. 063/у формасының көшірмесін ұсыну.
-
“Балаға арналған сауалнаманы” ата-анасы немесе қамқоршысы толтырады.
-
“Балдәуренге” келген барлық балалар мен жасөспірімдер міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді.
-
Денсаулық жағдайы бойынша орталыққа жолдамамен қабылдауға қарсы көрсеткіштері бар немесе медициналық картасы толық толтырылмаған балалар картаны толтырған мекемелер мен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органдарына хабарласу арқылы, ұйым немесе ата-анасы есебінен кері қайтарылады.
-
Қарсы көрсеткіштер (орталыққа бағыттау және қабылдау үшін):
-
Жедел кезеңдегі барлық аурулар;
-
Әр түрлі мүшелер мен жүйелердің туберкулезінің барлық түрлері;
-
Диспансерлік есептен шығарылғанға дейін белсенді және кірісаралық кезеңдегі ревматизм;
-
Жүрек пен қан тамырларының туа біткен және жүре пайда болған ақаулары, оның ішінде операция жасалғандар;
-
Гипертония ауруы;
-
Қан және қан өндіру органдарының аурулары;
-
Эпилепсия, басқа да құрысу ұстамалары және олардың баламалары;
-
Жедел психикалық аурулар және реактивті жағдайлар;
-
Бронхоэктатикалық ауру, бронх демікпесі;
-
Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы;
-
Жедел нефрит, пиелонефрит (процесс тоқтағаннан кейін кемінде 5 жыл өткеннен бұрын), созылмалы нефрит, пиелонефрит, бүйрек-тас ауруы, бүйректің туа біткен ауытқулары (функция бұзылумен қатар жүретіндер);
-
Эндокриндік жүйе аурулары (қант диабеті, тиреотоксикоз);
-
Барлық жұқпалы және паразиттік тері аурулары (қышыма, саңырауқұлақ зақымдануы және т.б.);
-
Қатерлі ісіктердің кез келген локализациясы.
-
Медициналық ақпараттық жүйеден анықтама талап етіледі.
-
Жұқпалы аурулардан кейін реконвалесценттерді жіберген кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрықтары басшылыққа алынады.
-
Тістерді санациялауды қажет ететін балалар стоматологиялық тексеруден өтуі тиіс.
-
Педикулезі бар балалар санитарлық тазалаудан өтуі қажет.


