
Орталығымызда Қазақстан Республикасындағы 2026 жылғы конституциялық өзгерістер тақырыбында танымдық талқылау ұйымдастырылды. Іс-шараға орталық қызметкерлері қатысып, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны туралы ақпарат алды.
Танымдық кездесуді тарих пәнінің мұғалімі Акашев Жаннур Абрахмвнович жүргізді. Кездесу барысында конституциялық өзгерістерді енгізудің құқықтық негіздері, оларды қабылдау тәртібі және іске асыру кезеңдері түсіндірілді. Сонымен қатар, референдум өткізу рәсімі мен азаматтардың дауыс беру арқылы шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді.
Талқылау барысында өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесіне, құқықтық реттеу тетіктеріне және қоғамдық қатынастарға ықтимал әсері қарастырылды. Қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Іс-шара ақпараттық-түсіндіру сипатында өтті және конституциялық өзгерістерге қатысты негізгі ережелермен танысуға мүмкіндік берді.


