
«Жастар» тобына – 23 жыл!
Биыл «Жастар» педагогикалық тобының құрылғанына 23 жыл толып отыр!
2002 жылы алғаш рет «Балдәурен» төрінде бас қосқан бұл топ бүгінгі таңда үлкен ұжымға, бір мақсат пен бір жүрекке бірігіп, талай жетістікке жеткен ұлағатты ортаға айналды.
Жиырма үш — аз уақыт емес. Осы аралықта «Жастар» тобы «Балдәурен» өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әр маусымда жүздеген баланың шат күлкісін естіп, олардың өміріне жылулық пен сенім сыйлады. Әр ұйымдастырушы-ұстаз — балалар әлеміндегі шамшырақ, мейірім мен шабыттың жарқын бейнесі.
«Жастар» тобының ұстанымы – балаға қуаныш, өмірге сенім, жүрекке жылулық ұялату. Олар ойын арқылы тәрбиелейді, шығармашылық арқылы дамытады, мейірім арқылы баулиды. Бір сәтте ұстаз, бір мезетте сырлас досқа айналып, әр баланың жүрегінде із қалдырады.
Алты жылдық еңбектің жемісі — талай марапат, таным, тәжірибе мен толысқан ұжымдық рух. «Жастар» педагогикалық тобы бүгінде кәсіби шеберлігімен, ізгілігімен, жаңашылдығымен ерекшеленеді.
Олар:
- балалармен жұмыс істеудің жаңа әдістерін енгізіп, шығармашылық бағыттарды дамытты;
- инклюзивті білім беру мен психологиялық қолдау бағытында тәжірибе жинады;
- республикалық, халықаралық семинарларда орталықтың абыройын көтерді;
- ең бастысы —орталыққа келген әр баланың жүрегіне қуаныш дәнін екті.
Бүгін біз осындай абыройлы ұжымның 23 жылдық мерекесін атап өтіп отырмыз.
Құрметті “Жастар” педагогикалық тобы!
Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіз — балалардың күлкісінде, сенімінде, көзіндегі ұшқында.
Еңбектеріңіз жана берсін, жүректеріңіз мейірімге толы болсын!
«Балдәуреннің» жүрегін жылытқан “Жастар” тобына шығармашылық шабыт, табыс, жаңа биіктер мен ұжымдық бірлік тілейміз.
Бала жүрегін нұрға бөлеген, армандарды оятқан еңбектеріңіз мәңгілік бағаланбақ!
Мерейлі 23 жылдықтарыңыз құтты болсын!
Жастар – «Балдәуреннің» жүрегі, «Балдәурен» – сіздермен мәңгі жас!
Ізгі ниетпен,
Балқаш қаласы
«Балдәурен» РОСО ұжымы


