«Біз өмір сүретін заң»

 Орталығымыздың қызметкерлері арасында «Біз өмір сүретін заң» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Жаңа Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік билік жүйесіндегі реформалардың мәнін ашу болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар мемлекеттік билік жүйесінде болған түбегейлі өзгерістерге кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, қос палаталы Парламенттен бір палаталы өкілдік орган – Құрылтайға көшу, сондай-ақ Құрылтайға заң шығарушы билікті жүзеге асыру өкілеттігінің берілуі мәселелері жан-жақты талқыланды. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың маңызды қадамы ретінде бағаланды.

Жиынға қатысушы қызметкерлер жаңа Конституциялық реформаларға байланысты өз көзқарастары мен ұстанымдарын білдіріп, заң аясындағы азаматтық жауапкершілік туралы ойларымен бөлісті. Пікірталас барысында әрбір қызметкердің заңға деген құрметі мен құқықтық сауаттылығының маңыздылығы айрықша атап өтілді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар бірауыздан ортақ пікірге келді: заңды білу және оны құрметтеу – тұрақты және құқықтық қоғамның басты негізі. Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың азаматтық ұстанымдарын нығайтуға ықпал етеді.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner