
«Аяласаң табиғатты аяла» экологиялық жобалар байқауы өтті
«EcoTime» Республикалық экофестивалінің 5-ауысымы аясында «Аяласаң табиғатты аяла» экологиялық жобалар байқауы өз мәресіне жетті. Іс-шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды қолдау.
Байқаудың негізгі міндеттері:
экологиялық білім мен тәрбиені дамыту;
табиғатты қорғауға бағытталған нақты жобаларды әзірлеу және іске асыру;
қоршаған ортаны ластанудан сақтау жолдарын ұсыну;
жастардың экологиялық белсенділігін арттыру;
су, ауа, жер ресурстарын тиімді пайдалануды насихаттау;
жергілікті экологиялық мәселелерге, оның ішінде Балқаш көлінің жағдайына назар аудару.
Байқау барысында 6-9 сынып оқушылары өздерінің жобаларын қорғады. Оқушылар Балқаш көлінің экологиялық жағдайын жақсарту, металлургия өндірісінің ауа сапасына әсері, өндірістік суды тазартудың маңыздылығы және қоршаған ортаны қоқыс ластануынан сақтау сияқты өзекті тақырыптарды көтерді.
Қазылар алқасына Қарағанды облысы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Утебаева Шолпан Амангельдыевна арнайы шақырылған құрметті қонақ әрі сарапшы ретінде қатысты. Сондай-ақ алқа құрамында аға ұйымдастырушы ұстаз, әдіскер және ауысым кураторы болды.
Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпазы 9 «А» сынып атанды. Жеңімпаз сынып «Балқаш көлінің ластану мәселесін шешудегі өндірістік суды тазартудың рөлі» тақырыбындағы жобасымен жоғары нәтиже көрсетті.
Жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталып, барлық қатысушыларға шығармашылық табыс және экологиялық белсенділіктерін жалғастыруға тілек білдірілді.


