«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру  орталығына Нұр-Сұлтан қаласынан эстрада жұлдыздары «Астана» тобының мүшелері  Нартай Алтай мен Құралай Қырықбай келіп өз өнерлерін паш етті. Нартай Алтай мен Құралай Қырықбаев­а­н­ың қоржынында осы күнде жиырмадан ас­там ән бар. Олар тек заманауи әндерді ғана емес, ретро әндер мен дәстүрлі бағыттағы әндерді айтқанды да ұнатады. Біздің балдәурендік достарымызды туылған күндерімен құттықтап балаларға ерекше көңіл-күй сыйлап, әннен шашу шашты. Қонақтарымыз өздерінің өнердің сан түрін меңгергенін, соның ішінде қазақтың ұлттық аспабы домбырадан қалыс емес екенін дәлелдеп, балаларға домбыраның қыр-сырын үйрету мақсатында  шеберлік сабағын өткізді. Осылайша балалар көңілінен шыққан бұл қонақтарымыз балалар алғысын алды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner