
Бүгін «Жастар» педагогикалық тобы сахнада өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Іс-шара театралданған көрініспен басталып, әсерлі би қойылымдарымен жалғасын тапты. Концерттік бағдарлама барысында педагогикалық топ мүшелері «Балдәурен» орталығындағы күн тәртібі мен ішкі ережелерді көрініс арқылы мазмұнды әрі түсінікті түрде жеткізді.
Сонымен қатар, көпжылдық тәжірибесі бар ұйымдастырушы-ұстаздар ән орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Концерт, өнерге деген қызығушылығын арттыруға және ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.
Аталған іс-шара балалардың жан-жақты дамуына, тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға және мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталды.


