«Baldauren Cup»: топтарды біріктірген спорттық алау

Орталығымызда топтар арасында «Baldauren Cup» қозғалмалы ойындар жарысы өтті. Бұл – командалық рухты шыңдайтын, достық пен спорттық әділдікті насихаттайтын айтулы шара болды.

Жарыс барысында әр топ өзара мықты бәсекеге түсті. Қатысушылар өз күштерін футбол және пионербол түрлерінде сынады. Футбол алаңында жылдамдық пен шеберлік, ал пионерболда дәлдік пен үйлесімді іс-қимыл басым болды. Әр ойын – толқу мен тартысқа толы сын сағатына айналды.

Спорттық жарыс арқылы топтар бір-бірімен жақын танысып, бірлік нығая түсті. Жеңіске жеткендер қуанса, жеңілгендер де көңіл түсірмеді, себебі мұндай кездесулер ең алдымен достықты бекемдейді.

«Baldauren Cup» барлық қатысушыға күш-жігер мен спорттық азарт сыйлады. Жеңімпаздар марапатталды, ал барлық топтар жаңа жеңістерге деген ынтамен тарқасты.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner