Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Мейірімділік пен қайырымдылық» челленджі аясында өткен бірінші ауысымда орталығымызда ерекше «Жақсылық жасаймыз» атты бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды.

Әрбір топ жақсылықты өз түсінігімен жеткізді. Бір топ шынайы көмектің жақсылық тізбегін қалай жалғастыратынын көрсетті, ал екіншілері — жақсылықтың үлкені не кішісі болмайтынын, әрбір игі істің маңыздылығын түсіндірді.

Бейнероликтер өте әсерлі болды: кейбірі шынайылығымен жүректі жылытса, кейбірі креативті ойларымен және әзілмен таңғалдырды. Қазылар алқасы қатысушылардың жақсылық тек әрекетпен ғана емес, жүрек күйімен де байланысты екенін көрсете алғанын ерекше атап өтті.

Жеңімпаз атанған 5-топ өз бейнеролигінде мейірімге толы адамның тек әлемді жақсарта алмайтынын, сонымен қатар бұрын дұрыс әрекет етпейтін адамдарға да әсер ете алатынын көрсетті. Олардың жұмысы қарапайым әрекеттердің айналадағы адамдардың көзқарасын өзгерте алатынын дәлелдеді.

«Жақсылық жасаймыз» байқауы кішкентай да болса жасаған жақсылықтың біріккен күшке ие екенін, мейірімділік әрдайым өз иесіне оралатынын тағы бір мәрте көрсетті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner