«Шуақты жаз»: топтар жүрегін біріктірген жарқын бәсеке

Орталығымыздаесте қалатын ерекше шара –  топтарды біріктірген «Шуақты жаз» кеші өтті. Бұл кеш – жай ғана визиткаларды қорғау емес, әр топтың өзіндік өнерін, рухын, бірлігі мен табандылығын сынға салған айтулы сын сағаты болды.

Кеш барысында әр топ сахнада бір-бірімен шеберліктен жарысты. Әр топ өздері құрастырған әнұрандарымен, би өрнектерімен және әуенді әндерімен көрермендердің жүрегіне жол тапты. Бір топ ерлік пен ерік-жігерді паш етсе, екіншісі сырлы әуен мен лирикамен тамсандырды, үшіншісі қайсар би қимылдарымен залды тұрғызды. Әрбір өнер – сол топтың ұжымдық таланты мен тынымсыз еңбегінің айғағы.

Мұндай кештердің ерекше құндылығы – олар тек жеңімпазды анықтап қоймайды, сонымен қатар топтар арасындағы бірлікті бекемдейді. Бәсекенің қызған кезінде де достық пен өзара құрмет еш сөнбейді. Қайта, әр топ бір-бірінен үлгі алып, жаңа биіктерге ұмтылады. Міне, бұл – нағыз шуақты жаздың символы: жылулық, өсу және бауырластық.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner