2022 жылғы бекітілген жоспары бойынша маусым мен шілде айларында 3 ауысым өтті.

Оның ішінде:

«Ел іші-өнер кеніші!» жас өнерпаздардың Республикалық фестивалі;

«Қауіпсіз қозғалыс!» жас құтқарушылардың Республикалық фестивалі;

«Топ жарған»  Республикалық жас спортшылар чемпионаты.

Осы ауысымдар барысында 457 бала демалды. Орталықта балалар демалысын қызықты өткізу мақсатында «Балқаш» көліне саяхат, емдік шаралар, массаж, спорт, үстел үсті ойындары, психология және т.б. спорттық-сауықтыру танымдық маршруттары ұйымдастырылды. Балалар дың шығармашылығын және ой-өрісін арттыру мақсатында «I`m star Baldauren» байқауы, «PRO KINO» интеллектуалдық ойыны, «Домбыра» күніне арналған инста-челлендж, «Жас сарбаз» әскери-спорттық ойыны, «Sport fest» танымдық ойыны және т.с.с. іс-шаралар өтті.   Орталығымызда қонақта кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ералыұлы Ахметов қонақта болып «Жастар» педагогикалық тобымен шағын кездесу өткізді. Сонымен қатар эстрада жұлдыздары «Астана» тобы қонақта болып, балаларға ән-шашуларыны арнап, «Домбыра» сабағынан шеберлік сыныбын өткізді.

Балалардың жазғы демалысы ойдағыдай өтуде. Алда тағы да 2 ауысым жоспарланып отыр! «Балдәурен-Балқаш» ұжымы балаларға естен кетпес демалыс сыйлайды деген сенім мол!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner