Саяхат сабақ
Физика сабағында теория мен практиканы ұштастыру мақсатында физика мұғалімі Куземханова Раушан Орымбековна оқушылармен бірге орталықтың жылыту жүйесінде саяхат сабақ жүргізді.Орталықтың бас инженері жылыту жүйесінің жылу алмасу, жылу берілу жағдайларынан мол мағлұмат берді. Алынған теориялық мәліметтермен оқушылар практика жүзінде есептеулер жүргізіп, тәжірибе арқылы дәлелдеді.