
Балқаш қалалық ТЖБ өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізді
Бүгін орталығымызда Балқаш қалалық төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігіне арналған оқу-жаттығу ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқу сигнализациясы іске қосылды.
Балаларға өрт шыққан жерді қалай тез әрі сабырлы түрде тастап шығу керектігі және қауіпсіз орынды қалай табу керектігі көрсетілді. Сонымен қатар, өрт сөндірушілер өздерінің құрал-жабдықтарын таныстырып, әрбір құралдың не үшін қажет екенін және олардың төтенше жағдайда қандай көмек беретінін түсіндірді.
Сондай-ақ, балалар төтенше жағдай кезінде жарақат алған адамға қалай көмек көрсету керектігін үйренді.
Мұндай іс-шаралар балалардың қауіпсіздік сауаттылығын арттырып, нақты төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуге дайындайды.


