Кез келген ғылым саласының жай-күйі оның алдына қоғам қойып отырған міндеттермен, ғылымның өткені мен қазіргі деңгейімен, сондай-ақ онымен байланысты басқа ғылым салаларының жай-күйімен анықталады. Жалпы қандай да бір ғылым дамуы оның өз ішінде саралану жəне өзге ғылым салаларымен ұштасу, тоғысу үдерісімен, үрдісімен байланысты. Сол себепті қазіргі заманғы лингвистика да жалпы ғылым дамуынан қалыс қалып отырған жоқ, яғни оны полипарадигмалы жəне интегративті тіл білімі деп танимыз.

Қазіргі заманғы лингвистика деп аталатын кезеңді нақтылауда ғылыми айналымда бірізділік жоқ. Кейбір еңбектерде ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басы делінсе, жекелеген ғалымдар бұл кезеңнің басы ретінде ХХ ғасырдың 70 жылдарын атайды.

Осы орайда орталығымызда қыркүйек айының 3-23 күндері аралығында оқу жылының тұсауын кескен, алғашқы «Үш тұғырлы тіл-жарқын болашақ кепілі!» атты жас лингвистердің Республикалық фестивалі өтті. Ауысым тақырыбына сай келген балалар «Ана тілің-арың бұл» педагогикалық вернисажына, «Полиглот» интеллектуалдық ойынына, «Тіл-татулықтың тірегі» өзге тілде хор байқауларына белсенді қатысып, өздерінің білімді өреңдер екенін көрсетіп,  жаңа ақпараттармен танысты.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner