«Елім менің аңсаған»

Әскери шеру, әскери парад-үлкен мерекелер және әскери маңызды оқиғалар құрметіне өткізілетін салтанатты әскери байқау. Кейде ірі жаттығулар соңынан да өткізіледі. Ең үлкен әскери шерудің бірі 1945 ж. 24 маусымда Мәскеудегі Қызыл Алаңда өткен Жеңіс шеруі болды. Қазақстан Республикасындағы тұңғыш үлкен әскери шеру Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы құрметіне 1992 ж. 7 мамырда Алматы қаласында Республика алаңында өтті.

Ауысымдағы балаларға патриоттық тәрбиені насихаттау мақсатында орталығымызда саптағы ән байқауы өткізілді.

Балқаш қаласынан арнайы келген алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, сержант - Ратов Ержан Бақытұлы және подполковник - Калабев Талгат Исағалиұлы қонақ болып, сайыста төрелік етті. Жеңімпаз топтарды шын жүректен құттықтаймыз!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner