«Baldauren Media Wave» республикалық медиафорумы атты 10-ауысымның ашылу салтанаты
«Baldauren Media Wave» республикалық медиафорумы атты 10-ауысымның салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бұл ауысым медиа саласына, журналистикаға және цифрлық шығармашылыққа қызығушылық танытатын жас таланттарды бір арнаға тоғыстырды. Қатысушыларды блогерлік негіздерімен, фото және видеоның қыр-сырымен танысу, контентпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру және заманауи ақпараттық ортада стандартты емес шешімдер табуға үйрететін бай бағдарлама күтіп тұр.
Ашылу салтанаты шығармашылық көтеріңкілік пен шабыт атмосферасында өтті. Қатысушылар алдағы іс-шараларға деген зор қызығушылықтарын білдіріп, жаңа белестерді игеруге және ең батыл жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін көрсетті.


