
Медициналық бөлім қызметкерлеріне арналған тимбилдинг
Бүгін орталығымыздың медициналық бөлім қызметкерлері арасында достық қарым-қатынасты нығайту және бір-бірін жақынырақ тану мақсатында психолог Мусинов Ернұр Сергалиевич тимбилдинг өткізді.
Іс-шара жұмыстағы үйлесімділікті арттырып қана қоймай, әріптестер арасындағы сенім мен жылы қарым-қатынастың нығаюына үлкен серпін берді. Жаттығулар барысында қатысушылар бір-бірін сырттай емес, шынайы тұрғыда танып білуге мүмкіндік алды.
Мұндай іс-шаралар команданың біртұтастығын арттырып, кәсіби қызметтегі өзара түсіністік пен тиімді ынтымақтастыққа жол ашады. Тимбилдинг нәтижесінде медициналық бөлім қызметкерлерінің психологиялық ахуалы жақсарып, бірлесе жұмыс істеу дағдылары дамыды.


