Орталығымызда «Қазақстан ақындары» атты спорттық-зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету және ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Ойын барысында қатысушылар спорттық эстафеталарға қатысып, жылдамдық пен ептіліктерін сынады. Әр команда ұйымшылдық пен белсенділік танытып, жеңіске деген жігерін көрсетті.

Зияткерлік бөлімде оқушылар қазақтың ұлы ақындары мен зиялы қауым өкілдері туралы сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев сынды тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы қамтылды. Қатысушылар өз білімдерін көрсетіп, тапқырлық пен шапшаңдық танытты.

Іс-шара соңында үздік командалар марапатталып, арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Бұл ойын оқушылардың рухани-мәдени білімін арттырып қана қоймай, спорт пен білімді ұштастырған тағылымды шара болды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner