Балқаш қаласы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалында республикалық семинар-практикум өтті.

Балқаш қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалында педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған «Тәрбиеде құндылықтарды қалыптастырудың басым бағыттары» тақырыбында республикалық семинар-практикум ұйымдастырылды. Үш күнге созылған іс-шарада ұстаздар қауымы ұлттық құндылықтарды білім беру үдерісіне енгізу, оқушылардың бойында адалдық, еңбекқорлық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу мәселелерін талқылады.

Семинардың ашылуында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясынан Куанышева Гульжамал Альжановна,«ӨРКЕН» БӘАҰҒПИ мамандары Шайланов ЕрболатСексенбайұлы мен Әбдел Аида Сағынбекқызы, «Өрлеу» Қарағанды облыстық филиалының аға оқытушысы  Шадетова Алтынгүл Кенесовна, сондай-ақ «Балдәурен» РОСО әдіскері Құлжанова Гүлнар Нүсіпбайқызы құндылыққа бағытталған тәрбие, бала әл-ауқаты, ата-анамен серіктестік, психологиялық қолдау және тәрбие жүйесін ұйымдастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Спикерлердің сөздерінде оқушы тұлғасын ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастырудың теориялық және практикалық жолдары жан-жақты ашылды.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде қатысушылар секцияларға бөлініп, педагогикалық дағдыларын шыңдауға мүмкіндік алды. Арнайы шақырылған қонақтар –
Балапаш Аяулым Русланқызы, Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушысы-кураторы;
Шадетова Алтынгүл Кенесовна, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша КДИ аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі;
Әбдел Аида Сағынбекқызы, «Өркен» БӘАҰҒПИ Балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесін дамыту зертханасының ғылыми қызметкері;
Әлібек Бердіғали, Қарағанды Білім-инновация лицейінің ұстазы –
заманауи білім беру тәжірибесін көрсетіп, құндылықтарды оқу пәндеріне кіріктіру, ата-аналық чаттардағы коммуникация мәдениеті және құндылыққа негізделген тәрбие жүйесін ұйымдастыру тақырыптары бойынша шеберлік сағаттарын өткізді.

Үшінші күні семинар-практикум қатысушылары «Ғажайып алаң» зияткерлік ойыны мен «Адал азамат» квестіне қатысып, спорттық, шығармашылық және логикалық тапсырмалар арқылы командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Іс-шара қатысушылардың ынтымақтастығын арттырып, білімдерін шыңдады.

Семинар-практикум педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарды тәрбиенің өзегіне айналдыруға және мектеп пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды. Қатысушылар марапатталып, үш күндік жұмыстың нәтижелері қорытындыланды.

Ұлттық тәрбие мен құндылыққа негізделген оқыту – ұрпақ болашағына салынған берік негіз. Осы бағыттағы ортақ жұмыстың жалғасуы білім беру жүйесінің дамуына жаңа серпін беретіні анық.
Мұндай семинарлар педагогтерге жаңа көзқарас, тың идеялар ұсынып, кәсіби ынтымақтастықты күшейтеді.
Ел ертеңін тәрбиелейтін ұстаздардың бірлесе атқарған еңбегі ұлт болашағын кемелдендіруге қызмет ететіні сөзсіз.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner