Сәуір айының 8 жұлдызы күні Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай» кешені» базасындағы «Тірек мектебі» ресурстық орталығында «Тірек мектебіндегі білім беру үдерісінің ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық семинар болып өтті. Біздің ұжымның да қызметкерлері де бұл шарадан тыс қалмады. Орталығымыздың ұстаздары: тәрбие кешенінің меңгерушісі-Жангужина Сауле Ғалижанқызы, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі-Битлеуова Тлеухор Берікқызы, спорт нұсқаушы-Тлеукен Айдар Жамбылұлы, ұйымдастырушы-ұстаз-Ибрагим Орынбасар Ахметқалиұлы аталмыш семинарға қатысып, ақпарат алмасып келді.
Қарағанды облысының әр аудандарынан жиналған ұстаздарды қарсы алған, ұйымдастырушылар бұл күнді танысу тренингтерімен бастады. Мектеп ішіне кішігірім экскурсия жасаған қатысушыларға мынандай бағыттағы: «жаратылыстану-математикалық цикл пәндері және қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері бойынша және қосымша білім беру алаңдарында түрлі шебрлік сыныптары өткізілді. Сабақтарда тәжірибе алмасқан ұстаздар қауымы дөңгелек үстел басына жиналып, семинар тақырыбы бойынша сөз қозғалды. Одан кейін семинар қатысушыларына арналған мерекелік шағын концерт назарға ұсынылып, семинар көркін жандандыра түсті. Семинар аяғында қатысушылар кері байланыс жасап, өз әсерлерімен бөлісті. Біздің орталықтың қатысушылары да, барша ұстаздардың атынан ұйымдастырушыларға алғыс білдіреді!