
2022 жылғы 8 сәуірде Түркістан қаласындағы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - университетінің базасында География пәні мұғалімдерінің съезі өтті.
Съездін тақырыбы «Географиялық Білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас»
Съезді ұйымдастырудың мақсаты – кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін география пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру.
Съезд 4 секция бойынша жүргізілді. Балқаш қаласының "Балдәурен" РОСО-ның география пәні мұғалімі Абильдаева Аида Алматовна мен Щучинск қаласының "Балдәурен" РОСО-ның география пәні мұғалімі Нургалиева Сауле Ермековна 4-секция тақырыбы бойынша «Республикада география пәні мұғалімдерін даярлау, кәсіби біліктілігін арттыру, аттестаттау: жағдайы, проблемалары, ұсыныста» жұмысына қатысты.