Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін дамытуға, дененің саулығын арттыруға жағдай жасау мақсатында оқу кешенінің меңгерушісі Нусупова К.О.,әдіскер Ибрагим О.А., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Битлеуова Т.Б. Щучинск қаласында өткен «Жазғы кезеңдегі балалардың демалысын,сауықтыруын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері» бойынша республикалық семинар-кеңесіне қатысты. Семинар-кеңестің секциялық бөлімінде Ибрагим Орынбасар «Балаларды сауықтыру орталығы жағдайында ерекше білімді беру қажеттілігі бар балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашудағы тәлімгерлердің рөлі» тақырыбында баяндама оқыды.  


Біздің серіктестер

banner
banner
banner