ҚР БҒМ 2022 жылға бекіткен жоспар – кестесіне сәйкес, Балқаш қаласының «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Жайдарлы жастар» жас жайдарманшылар Республикалық кездесуі »  атты 10-шы ауысымы өз жалғасын табуда.

Орталығымызға облыстық, қалалық және мектеп командалары арасында көңілді тапқырлар клубының жеңімпаздары мен қатысушылары келіп, керемет демалыстарын өткізуде! Балалар ауысым барысында «Сәлемдесу», «Видеоролик» байқауы, «Көрініс» байқауларынан тұратын ІІІ кезең бойы әзіл әлемінде өз өнерелерін ортаға салуда. Жас әзілкештеріміз көрермендердің көңілінен шығу үшін барын салады. Жайдарман – жастық шаққа тән ойын. Достыққа үндейді. Ел көріп, жер көріп, сонау батыстағы мен шығыстағы жайдарманшылар дос болып кетті. Ендеше, жайдарман ойындары «Балдәурен» қабырғасында әлі де жалғасады деген ойдамыз!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner