
2026 жылдың
«JAIDARMAN official» көңілді тапқырлар клубының әзіл-сықақ ойындары атты
8-ауысымының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(20.06-04.07.2026ж.)
ҚР ОАМ 2026 жылға бекіткен жоспар – кестесіне сәйкес, Балқаш қаласы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 20 маусым мен 4 шілде аралығында «JAIDARMAN official» көңілді тапқырлар клубының әзіл-сықақ ойындары атты 8-ауысым өтеді.
Ауысым қатысушылары: КТК командаларының аймақтық, облыстық аудандық, қалалық жеңімпаздары мен қатысушылары, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары
Ауысымның мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахна мәдениеті мен шешендік өнерін қалыптастыру, әзіл-сықақ және КВН жанры арқылы достық қарым-қатынас пен командалық рухты нығайту.
Міндеттері:
· қатысушылардың актерлік шеберлігін, импровизация жасау және көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
· қатысушылардың шығармашылық бастамаларын қолдау, креативті ойлауын, тапқырлығын және өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамыту;
· топтар арасында достық, ынтымақтастық және өзара сыйластық атмосферасын қалыптастыру.
Ауысымның бағдарламасы барысында төмендегідей іс – шаралар жоспарлануда:
- «Жайдарлы жаз» танысу кеші;
- «Көңілді тапқырлар» топ визиткасын қорғау кеші;
- 2026 жылдың 8-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
- 2026 жылдың 8-ауысымының ашылу салтанаты;
- «Жастар» жастар педагогикалық тобымен танысу кеші;
- «Нептун» көлдің ашылуы;
- «КҮЛКІ CUP» шығармашылық байқауы;
- Открытие СП «Олимпия»;
- «Х-О» спорттық-зияткерлік ойын;
- «Мерейлі мерекеңмен!» туған күн иелеріне арналған кеш;
- «Көңілді сөре» жағажайдағы эстафетасы;
- «JAIDARMAN official» І тур «Сәлемдесу»;
- «Кім мықты?» ойын-сауық кеші;
- «Дәлме-дәл» байқауы;
- «Baldauren QUIZ» зияткерлік ойыны;
- «Stand-Up» байқауы;
- «JAIDARMAN official» финал «Биатлон», «Үй тапсырмасы»;
- 2026 жылдың 8-ауысымының жабылу салтанаты;
- «Кездескенше, Балдәурен!» қорытынды гала – концерті.
2026 жылдың 8-ауысымының салтанатты түрде ашылуы 22 маусым күні-сағат 16:30
2026 жылдың 8-ауысымының салтанатты түрде жабылуы 3 шілде күні-сағат 16:30
Мекен-жайымыз: 100300, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы «Ақ тас» а/о, 61 құрылыс.
Байланыс телефоны: 8 747 423 04 92
Электрондық пошта: bald-balhash@mail.ru


