2021 жылдың

«Ғылым әлеміне саяхат» жас математиктер

Республикалық турнирі 14-ауысымының

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(17.10 – 06.11.2021ж.)

ҚР БҒМ 2021 жылға бекіткен жоспар – кестесіне сәйкес Қарағанды облысы, Балқаш қаласының «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 17 қазан мен 06 қараша аралығында жас математиктерРеспубликалық турнирі атты 14 - ауысымы өтеді.

Ауысым қатысушылары: Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша қалалық, аудандық, облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері

Ауысымның мақсаты: балалар мен жасөспірімдер бойындағы қызығушылықтарын ауысым барысындағы түрлі мерекелік кештер мен ауысым тақырыбына сай іс-шаралар арқылы шыңдау және көңілді, мерекелі орта құру.

Ауысымның міндеттері:

  • кештер мен іс-шаралар  барысында балалар мен жасөспірімдер бойындағы әлеуметтік қарым-қатынасты дамыту;
  • балалар қызығушылығын арттыратын үйірмелер өткізу;
  • шығармашылықтарын дамыту мақсатындағы түрлі байқаулар ұйымдастыру.

 

Ауысым барысында өткізілетін іс-шаралар:

  • «Танысайық бәріміз» танысу кеші;
  • «Ғажайып сандар» отряд визиткасын қорғау кеші;
  • Менің ұжымымның картасы;
  • 2021 жылдың 14 ауысымының ашылуы және жабылуы салтанаты;
  • «Жарқыраған Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші;
  • «Менің толқыным» шығармашылық байқауы;
  • «Бизнес сити» экономикалық ойын;
  • «Жаратылыстану» марафон;
  • «Караоке киллер» музыкалық ойын;
  • «Мен патриотпын» бекет бойынша ойын;
  • «Жаңартылған білімнің қоғамдағы рөлі» дебат байқауы;
  • «Математика» марафон;
  • «Маған бақыт сыйлаған күн» туған күн иелеріне арнлаған кеш;
  • «Менің болашақ мамандығым» агит-бригада;
  • «Ойлан тап» интеллектуалды ойын;
  • Рухтың керемет жаңалықтары әдеби-сазды кеш;
  • «Сандар сөйлейді» сурет байқауы;
  • «Елім деп соққан жүрегім» патриоттық кеш;
  • «Олимпия» СМ ашылуы және жабылу салтанаты;
  • «Мюзикл» байқауы;
  • «Миллион кімге бұйырады» интеллектуалды ойын;
  • «I Love you, Baldauren» гала концерт.

 

14 ауысымның салтанатты ашылуы 2021 жылы 20 қазан сағат 16.30-да өтеді

14 ауысымның салтанатты жабылуы 2021 жылы 05 қараша  сағат 16.30-де өтеді

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner