Наурыз мейрамы - көне дәстүр сабақтастығының белгісі саналатын, ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеген ерекше мерекесі. Халық арасында бұл мереке ұлттық таным бойынша үйге жыл бойы молшылық пен сәттілік әкеледі деген сенім бар.
Оны тойлау шын мәнінде келесі жаңа кезеңнің бастауына деген құрмет болып болып саналады, сондықтан мереке ерекше аталып өтеді.Бұл мейрамда ең жақсы киімдерін киіп, туған-туыс, көрші-қолаңмен жиналып, дәстүрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырады, ән айтып, би билейді. Наурыз мейрамына тән салт-дәстүрлер де қалыптасқан. Оның ішінде ең маңыздысы – жаңаруға, тазалыққа бет бұру. Ол көптеген ғасырлар бұрын пайда болып, бүгінде жойылған жоқ. Адамдар тек үй ішін емес, ауланы да тазалайды.
Осы орайда ұжым қызметкерлері де, орталықта аталмыш мейрамды атап өтті. Қазандарда ас беріліп, ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды. Тартысты өткен ойында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.