
Медиа әлеміне саяхат!
Бүгінгі күн ауысым тақырыбына сай өте мазмұнды өтті. «Өркен-Media» телеарнасының журналисі, диктор Несіпбай Айдана және «Северное Прибалхашье» газетінің тілшісі Сағынған Кәрібекұлы Науанбаев балдәурендіктермен кездесіп, өз мамандықтарының қызығы мен қиындығы жайлы әсерлі әңгіме өрбітті.
Қонақтар оқушыларға шынайы журналистиканың қыр-сырымен таныстырып, сұхбат жүргізу, ақпаратты тексеру, эфир алдындағы дайындық секілді маңызды бағыттар жайлы құнды кеңестер берді.
Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, шабыт алып қайтты.
???? «Медиа» ауысымының басты мақсаты – жас өрендердің танымын кеңейту, шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру.