«Ата-баба ерлігі-ұрпақтар үшін ақиқат»

Халықтың халықтығы, елдің тұтастығы мен тәуелсіздігі, мемлекеттің өміршеңдігі тұлғалар тарихымен, олардың еліне сіңірген еңбегімен өлшенеді.  Ендеше, сондай еліне елеулі, халқының қалаулысына айналып, елінің тәуелсіздік жолында өмірін сарп еткен батыр тұлғамыз ,1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің Бас сардары Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл. Осы орайда батырдың ерлігін ұлықтау, қазақ халқының теңдесcіз ерлігіне құрмет көрсету, артынан өшпестей із қалдырған батырлар ерлігін насихаттау мақсатында орталығымызда «Ата-баба ерлігі-ұрпақтар үшін ақиқат» атты тарихи-әдеби кеш өтті. Кеш барысында қазақ даласын жаудан қорғаған батырларларымыз туралы жыр шумақтар, арнаулар және сахналық қойылымдар көрсетілді.Балдаурендік балғындар аталмыш кештен ерекше әсер алды.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner