«Бір шаңырақ астында»
Қазақстан ондаған жылдар бойы көптеген ұлттар мен ұлыстардың Отаны болып келеді. Бүгінде түрлі ұлт өкілдері Қазақстанды өз жерім деп біліп, қазақ халқын туғанындай көреді. Осыған орай, қазақстандықтардың басын біріктіретін бірден-бір мереке – 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні деп атап өтіледі. Осы орайда орталығымызда, «Бір шаңырақ астында» атты достық байқауы өтті. Топтар әр елдің мәдениеті мен тарихын таныстырды. Жеңімпаз топтар грамоталармен марапатталды.