
«IT әлеміне алғашқы қадам» атты көңілді танысу кеші өтті.
Кеш барысында балалар қызықты ойындар арқылы бір-бірімен танысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Бағдарлама аясында әр қатысушы кезекпен сахнаға шығып, өзін таныстырып, өнерін көрсетті. Бірі би билеп, бірі мәнерлеп өлең оқыса, енді бірі әуезді ән шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Бұл кеш балалар үшін тек танысу алаңы ғана емес, өз қабілеттерін көрсетуге, жаңа достар табуға және өзіне деген сенімділікті арттыруға үлкен мүмкіндік болды.


