«Педагогикалық вернисаж»
2022 жылдың 14-ауысым бағдарламасы барысында «Достық», «Патриоттық», «Лингвистика», «Спорт» тақырыптар бағытында «Педагогикалық вернисаж» өткізілді.
Педагогикалық вернисаж мақсаты:
- Қатысушылардың ойлау қабілеті мен шеберлік қабілеттерін арттыру;
- Таңдалған бағыт бойынша білімдерін тереңдету;
- Патриоттыққа, достыққа, лингвистикаға, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру;
Ел басшысы Қасым-Жомар Тоқаев балалар жылына орай құттықтауында: «Мен мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарымыз атқарып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді»-деген болатын.
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығыда өскелең ұрпақтың болашағына аса мән беруде, орталығымыздың ең басты мақсаты елін сүйгіш, білімге құштар, патриот азаматтарды тәрбиелеу!