«Полиглоттар әлеміне саяхат» атты педагогикалық вернисаж өтті
Жас педагогтардың әдістемелік шеберлігін шыңдауға арналған «Полиглоттар әлеміне саяхат» атты педагогикалық вернисаж өтті. Шараның басты мақсаты — жас ұстаздардың тіл үйретудегі жаңа әдіс-тәсілдерін көрсету және тәжірибе алмасу.
Вернисаж барысында әр топтың ұйымдастырушы ұстаздары өз топтарына әртүрлі тілдердің маңызын, тарихын және ерекшеліктерін таныстырды. Олар тілдің тек қарым-қатынас құралы емес, ұлт мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігі екенін атап өтті.
Әр ұстаз өз тобына тілді оқытудың тиімді жолдарын ұсынып, ойын түріндегі тапсырмалар мен интерактивті әдістерді қолданды. Кейбір топтар тілдердің шығу тарихына тоқталса, енді біреулері олардың қазіргі замандағы рөлі мен қолданылу аясын талқылады.


