«Уақыт қапшысы» – Тәуелсіз Қазақстанның 35 жылдығы мен Жас патриоттар академиясының 10 жылдығына арналған іс-шара

Тәуелсіз Қазақстанның 35 жылдығы мен Жас патриоттар академиясының 10 жылдық мерейтойына орай, жастар мен тәуелсіздік құрдастарының бірлескен жұмысы аясында ерекше «Уақыт қапшысы» жобасы өткізілді. Бұл шара «Ұлт болашағы – жастардың қолында» форумының құрамында ұйымдастырылып, жас патриоттар мен тәуелсіздік құрдастарын біріктірді.

Іс-шараның басты ерекшелігі – арнайы жасалған QR-код арқылы балалар мен жастар өз армандары мен ізгі тілектерін «Болашаққа хат» ретінде жазып, жіберді. Бұл хаттар бес жылдан кейін ашылып, қатысушылар бүгінгі күннің есте қаларлық сәттерін еске алады.

Жоба жастарға елге деген сүйіспеншілікті арттыруға, патриоттық сезімді нығайтуға және ортақ мақсаттарға бірге жетуге шабыт береді. Қатысушыларға бұл тәжірибе болашаққа сеніммен қарауға және өз армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner