«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің  бір тәсілі – спорт. Cпорт сөзінің арғы төркіні Көне Француз тілінен басталады, desport - көңіл ашу дегенді білдіреді екен.

Олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың» деп бекер тұжырым жасамағаны анық. Күніне кем дегенде 20 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам өзін сергек, көңілді әрі өзіне сенімділігін арттыратыны анықталғаны белгілі.

 3 ақпан күні 6А сыныбында Т.Битлеуова қазақ тілі пәнінен «Спорт- өнер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Оқушылар сабақ барысында оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттарына арналған тапсырмаларды орындады. Сабақ спорт тақырыбына арналғандықтан оқушылар орындаған тапсырмалар спорттық ойындармен байланысты болды.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner