
Орталығымызда дәстүрлі «Олимпия» ойындары өз бастауын алды. Биылғы шара ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған, «Білім – баға жетпес қазына» тақырыбында өтті.
Мақсаты – балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және достық пен бірлікті нығайту. Қатысушылар футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, теннис сияқты түрлі спорт түрлерінен сынға түсті.
Бұл күн жас балдәурендіктер үшін тек жарыс емес, өзара қолдау мен рухани өсудің мерекесіне айналды. Әр ойын – жаңа тәжірибе, әр жеңіс – үлкен жетістік.
Спорт қуаты — өмір қуаты!


