Екі күн бойы дәстүрлі "Олимпия" спорттық ойындары өтті. Аталған шара балаларды спортқа деген қызығушылық, достық пен жағымды көңіл күй аясында біріктірді. Қатысушылар командалық және жеке спорттық қабілеттерін, ұйымшылдықты, жеңіске деген ұмтылысты және өзара қолдауды көрсетті.

Достық бәсекелестік балаларды белсенділікке, табандылыққа және өз мүмкіндіктеріне сенуге жетеледі. Ойындар аясында шаңғы тебу, пулбол, үстел теннисі бойынша жарыстар, сондай-ақ шахмат, тоғызқұмалақ және дойбы сияқты зияткерлік сайыстар ұйымдастырылды. Бұл жарыстарда қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті мен стратегиялық дағдылары айқын көрінді.

Іс-шара қорытындысы бойынша Гран-при иегері атанған командалар кубоктармен марапатталды. Ал жеке жарыстарда жеңіске жеткен балаларға грамоталар табысталды. «Олимпия» спорттық ойындары балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, командалық рухты нығайтуға және спорттық мәдениетті дамытуға зор үлес қосты.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner