
«Білім – сарқылмас байлық» республикалық математика олимпиадасы
Бүгін ұлы ғалым және философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған «Білім – сарқылмас байлық» республикалық математика олимпиадасы сәтті аяқталды.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Алғашқы айналымда оқушылар логикалық ойлау мен есеп шығару қабілеттерін сынап, өз білімдерін көрсетті. Екінші, шешуші кезеңде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жеңімпаз атанып, арнайы марапатқа – біздің орталықта қайта демалып, білімін жетілдіруге мүмкіндік беретін жолдамаға ие болды.
Бұл сайыс дарынды жастардың математикаға деген қызығушылығын арттырып, достық пен ынтымақ рухын нығайтты.


