Дарынды бала туралы не білеміз? Дарынды бала дегеніміз – белгілі бір іс-әрекет түрлерінде жарқын, айқын, кейде ерекше жетістіктерімен көзге түсетін бала. «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына әр өңірден келген демалушылар арасында дарынды балалардың келетіні қуантады. Бұл балалар олимпиада, жобалық байқау жеңімпаздары, ән айтып, өнер көрсетеді, музыкалық аспаптарда ойнайды, өлең шығарады. Міне, осындай дарынды балалардың бірі - Майлхан Назерке. Майлхан Назерке 10 жасынан өлең шығаруға құмар, суырып салма ақын. Бірнеше аудандық, Республикалық ақындар мүшайрасының жеңімпазы. Назерке аталмыш орталықта демалған күндері 15 жуық өлең шығарды. Жас ақынның шығармашылығын дәріптеу мақсатында сахналық қойылымда Назерке өзінің «Өмір» атты туындасын оқып, «Менің әлемін» тақырыбындағы өлеңдер жинағын Балдауренге өз қолтаңбасымен табыс етті.