«Менің Отаным-Қазақстан»
Отан Ана – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны есімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап –ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Жер Ана, атамекен, туған жер, ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас, әрі тағдырлас. Әрбір адамзат баласының туған жері бәрінен де қымбат. Себебі, кіндік кескен жерінде өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатымен біте қайнасып адам болып қалыптасады.
Оыс орайда, балаларға патриоттық сезімдерді насихаттау үшін орталығымызда дәстүрге айналған «Отаным менің-Қазақстан» патриоттық кеші өтті. Балалар еліміздің кешегісі мен бүгінінен сырт шертетін керемет кешке куә болды.