Жаз басталды!!!

Сәлем достар! Көптен күткен жаздық ауысымда өз бастауын алды! Орталығымызға ауысым қатысушылары келіп арман аралы көркейіп, жанданып жатыр. Дәл бүгін орталығымызда 2023 жылдың “Театр- адам өмірінің айнасы”- атты жазғы 7-ші ауысымның ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатына өнерлі, дарынды балалар қатысып жақсы деңгейде өтті. Көптеген біз білмеген ақпараттар айтылды. Ауысымның президенті анықталып марапатталды. Шәкәрім Әлімбек 23% дауыс жинап ауысым президенті болып тағайындалды. Дәл осылай қызыққа толы ауысымды керемет көңіл күймен бастадық! Жазғы ауысымдарға сәттілік!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner