Жаз-2023

Досым! Білім нәріне сусындап бір жылды артқа тастадың. Алдыда сені қызығы мол жаз айлары күтіп тұр. Сен жазғы демалысыңды қалай және қайда өткізесің? Бұл сұрақтың жауабы өте оңай. Көк айдынды Балқаш көлінің жағалауында орналасқан «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының лагері сені асыға күтеді. Сен мұнда әр тақырыпта танымдық кештерді,интеллектуалды және ұжымдық  ойындарды  тамашалайсың. Суға шомылу,футбол тағы басқа спорттық ойындар арқылы денеңді шынықтырасың.  Экскурсияға шығып Балқаш қаласының мәдени жерлерімен танысасың.  Ең қызығы  көптеген жаңа достар табасың. Досым! Балдаурендік достар сені асыға күтеді!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner