«Қазақмыс» корпарациясы –  Қазақстандағы ең алып мыс өндіруші, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу бойынша  жетекші халықаралық компания.  Корпорацияның тарихы 1913 жылдан бастау алады. 1938-1958 жылдары — Балқаш мыс балқыту зауыты ашылды. «Қазақмыс» корпорациясы өз қызметін жүзеге асыру кезінде өзі орналасқан өңірлердің әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше назар аударады. Осы орайда, «Қазақмыс» корпорациясы «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығымен келісімшарт жасап, енді корпорация қызметкерлерінің балалары орталығымызда жазғы демалыстарын өткізуде. Балаларға орталығымызда түрлі үйірмелер мен спорттық-сауықтыру танымдық маршруты, көлге шомылу, «Балқаш» көліне саяхат және т.б. қызықты іс-шаралар мен кешкі алаулар ұйымдастырылған. Балалар жазғы демалыстарын қызықты әрі тиімді өткізеді деген сенім мол.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner