Кітап күніне орай орталығымызда тағылымды акция ұйымдастырылды. Іс-шара аясында барлық бөлім қызметкерлері кітапхана қорын танымдық әдебиеттермен толықтырды.

Әр бөлім өз бағытына сәйкес мазмұнды әрі құнды кітаптарды сыйға тартты. Сөрелерге ғылым, тарих, мәдениет, психология, тұлғалық даму және өзге де салаларға арналған басылымдар қойылды. Бұл еңбектер оқырмандардың білімін арттырып, ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізеді.

Аталған бастама – кітапқа деген құрметтің, білімге деген ұмтылыстың айқын көрінісі. Ұжым болып атқарылған бұл игі іс рухани құндылықтарды насихаттаудың маңызды екенін көрсетті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner