
«Ұлт мақтанышы» атты патриоттық хор байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқау барысында қатысушылар Отан тақырыбындағы әндерді жанды дауыста орындады. Әр топтың сахналық мәдениеті, вокалдық деңгейі және шығарманы жеткізу шеберлігі қазылар алқасының назарына ұсынылды.
Шара оқушылардың тек орындаушылық мүмкіндіктерін ғана емес, елге деген құрметі мен азаматтық ұстанымын да айқындады.
Қорытынды шешімге сәйкес, үздік нәтиже көрсеткен 4-топқа Гран-при жүлдесі табысталды.


