«Қауіпсіздік – басты міндет»: республикалық слет жас инспекторларды біріктірді

Балқаш қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында жас жол қозғалысы инспекторларының республикалық слетінің ашылуы өтті. Іс-шара жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың бойында жауапкершілік пен тәртіпті дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Слетке еліміздің әр өңірінен жол ережелерін жетік меңгерген, өз білімдерін өзгелермен бөлісуге дайын оқушылар қатысуда. Сондай-ақ Балқаш қаласы полиция басқармасының қызметкерлері іс-шараға арнайы қонақ әрі әділқазы ретінде қатысты. Олар жол қауіпсіздігі саласындағы басты сарапшылар ретінде байқау барысында кәсіби баға беріп, жас инспекторларға тәлімгерлік көмек көрсетуде.

Алдағы бірнеше күн ішінде қатысушылар 6 түрлі байқауда сынға түседі: саптық түзеу, плакат, жол ережелері, велосипедпен жүру, алғашқы медициналық көмек және агитбригада.

Әрбір кезең қатысушылардың теориялық білімін, практикалық дағдыларын, сондай-ақ командалық жұмыс істеу қабілетін бағалауға бағытталған. Байқау барысында балалар тек жарысып қана қоймай, тәжірибе алмасып, достық байланыстар орнатады.

Айта кету керек, слеттің басты ұстанымы – «бір сәт, бір шешім, бір ғана дұрыс әрекет». Жол – бұл қарапайым қозғалыс емес, ол – өмір. Ал өмірді сақтау – әр азаматтың басты міндеті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner