Зейін мен білімді шыңдайтын «Своя игра» зияткерлік ойыны өтті.

Білім мен зейінді дамытуға бағытталған «Своя игра» зияткерлік ойыны өтті. Ойын барысында ауысым қатысушылары ортаға шығып, ұсынылған тапсырмаларға жауап берді.

Қатысушылар әртүрлі тақырыптық сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап іздеді. Бұл ойын тек білім қорын ғана емес, сонымен қатар логикалық ойлау, жедел шешім қабылдау және командамен үйлесімді жұмыс істей білу сияқты маңызды қабілеттерді де сынақтан өткізді.

Бәсекелестік жоғары деңгейде болды, ойынның қызықты сәттері көптеп кездесті. Әрбір қатысушы өз деңгейін көрсетіп, жаңа дағдыларын шыңдауға, өзінің интеллектуалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік алды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner